No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

"АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ-ЖАУЫНГЕРЛЕР" ҚҰЖАТТАРЫ КОЛЛЕКЦИЯСЫ

IMG 20230203 0012Әнуарбек Өміров 1963 жылы 9 мамырда Қазалы ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Ш.Уалиханов атындағы №26 қазақ  орта мектебінің 1 сыныбына қабылданады. 1978 жылы осы мектептің 8 сыныбынан кейін аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, жүргізуші -элекрик  мамандығы  бойынша  білім  алады. Одан кейін темір жол су айдау бөлімінде машинист болып қызмет атқарды.

1983 жылы мамыр айында әскер қатарына шақырылады. 6 ай бойғы әскери оқудан кейін Әнуарбек өзінің әскери борышын сәуір ревалюциясының жетістіктерін сақтап қалу жолында күресіп жатқан  Ауғанстанда жалғастырды. 1985 жылы 25 наурызда дұшмандармен кезекті ұрыста ерлікпен қаза тапты.

Марқұмның майдандағы ерен ерлігі үшін «СССР Қарулы күштеріне 70 жыл, «Ауған халқының интернационалист жауынгерге алғысы» медальдармен марапатталған. Сонымен қатар, облыстық деңгейдегі өтетін әрбір бокс турнирлері, яғни былғары қолғап жарыстары Әнуарбектің атында өтеді. Сонымен бірге осы сайыстағы жеңімпаздарды «интернационалист жауынгер Ә.Ш.Өміров» атындағы сыйлықтармен марапатталады. Жосалы қыстағындағы Кирпичная көшесіне интернационалист жауынгер Өміров Әнуарбектің есімі берілді.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003997
Today: 2
Yesterday: 2
This Week: 38
Last Week: 117
This Month: 4
Last Month: 296
Total: 3,997