2023 жылы 23 қаңтарда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары» атты іс-шараға архив қоры құжаттарынан дайындалған «Алаш арыстары» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылып, жоғарғы сынып оқушыларына таныстырылды.
Көрменің мақсаты азаттықты аңсаған Алаш арыстарының өшпес мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар Алаш зиялыларының өмірі мен еңбек жолын айқындайтын құжаттарға қызығушылық танытып, құжаттарды меңгеріп, өзін-өзі басқару арқылы екі тілде көрмені таныстырып өтті.