2023 жылғы 13 қаңтарда Қызылорда облысының мемлекеттік архиві Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай, Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына «Сыр елінің тарихы – архив қорында» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты архив қойнауынан сыр шертетін Сыр елінің шежірелі тарихын, облыстың және Қызылорда қаласының әлеуметтік экономикалық дамуы мен өңірлік өркендеудің жаңа белестерін көпшілікке таныстыру, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу. Көрмеге облыстың құрылуы, соғыс жылдарындағы облыс тарихы, соғыстан кейінгі әлеуметтік экономикалық даму, тәуелсіздік жылдарындағы орын алған маңызды оқиғалар туралы тарихи құжаттар қойылып таныстырылды.