2022 жылғы 27 желтоқсанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Архив-2025» бағдарламасы аясында «Рухани құндылықтар – тарих тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты жастарды архив қорындағы тарихи, ұлттық құндылықтарды бағалауға, ел тарихына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу, рухани құндылықтарды жаңғырту,болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Дөңгелек үстелге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының магистрі Б.Ахметбек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі М.Жұмаділдаев, П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Н.Есенбаева, П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Тәжиева, жоғары сынып оқушылары және архив қызметкерлері қатысты.
Шараны Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева кіріспе сөзімен ашып, рухани мұраларды сақтап, насихаттауда архивтің маңызы зор екендігін айта отырып, бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін рухани, мәдени құндылықтардың өзектілігіне тоқталды.
Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының магистрі Б.Ахметбек қазақ тарихта небір қиындықтарды басынан өткізгенімен ұлттық құндылықтарынан қол үзбегендігін, ұлт руханиятын сақтау арқылы ұлттық бірегейлікті жоғалтпағанын, ұрпақтар сабақтастығы ұлттық құндылықтар арқылы жалғасатынын айтып, жастарды ұлттық құндылықтарды бағалауға шақырды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистріМ.Жұмаділдаев құндылық сөзінің түпкі мәні, қоғамдық сананы жаңғыртудағы архив деректерінің маңыздылығы мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтап қалу мәселесіне тоқталды.
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Н.Есенбаева жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеуде ұлттық дәстүрімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіру қажет екенін айтса, тарих пәнінің мұғалімі А.Тәжиева қазақтың ұлттық рухани құндылығын жаңғырту, ұлттық құндылықты бағалау тарихты білуденоның рухын бойға сіңіруден, тағылымын ұғынудан басталатынын атап өтті.
Сонымен қатар облыстық мемлекеттік архивінің архивисті А.Елемесова «Архив-тарихи жадтың дереккөзі» тақырыбында баяндама оқыды.
Шара соңында қатысушылар архив қоры құжаттарынан дайындалған «Архив – құндылықтар қазынасы» тақырыбындағы көрмеге экскурсия жасап, қор сақтау қоймаларымен танысты.