No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Тарихтың ауыр тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

29.05.202631 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын зерделеу, тарихи әділеттілікті дәріптеу, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру мақсатында  2026 жылы 29 мамырда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Тарихтың ауыр тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхияұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы, PhD докторы Талғат Жолдасұлы, Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімдері мен оқушылары және архив қызметкерлері қатысты.

Тағылымды шара архив қоры құжаттарынан дайындалған «Азалы жылдар тарихы архив деректерінде» атты бейнеролик көрсетілімінен  бастау алды. Дөңгелек үстелді  Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Бахыт Сәбиұлы ашып, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың есімін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы екенін, архив құжаттары арқылы зұлмат жылдардың шындығы ашылып, тарихи деректер толықтырылып жатқанын атап өтті. Шара барысында кеңестік тоталитарлық жүйенің қазақ халқына әкелген зардаптары, қуғын-сүргін жылдарындағы ұлттық интеллигенцияның тағдыры,  архив құжаттарының маңызы және тарихи зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар тарихи шындықты кейінгі буынға жеткізу, архив деректерін кеңінен насихаттау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін, шетел архивтерінен өңір тарихына қатысты тарихи құнды құжаттардың көшірмелерін алу, ғылыми айналымға енгізу және жастардың тарихи танымын арттыру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Оқушылар тарихи тақырыптарға қатысты өз ойларын айтып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры туралы пікір алмасты.    Шара соңында қатысушыларға архив қоры құжаттарынан дайындалған  «Нәубет жылдар архив құжаттарында» атты тарихи- құжаттық көрме таныстырылды.

Басшылық

basshy

Аңсатов Бахыт Сәбиұлы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

006791
Today: 14
Yesterday: 24
This Week: 48
Last Week: 57
This Month: 48
Last Month: 246
Total: 6,791