2026 жылдың 09 маусым күні «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалында Халықаралық архивтер апталығына сәйкес 9 маусым - Халықаралық архивтер күніне орай «Архив қызметі – қолжетімді тарихи дерек» атты ашық есік күні өткізілді. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылода университетінің 1 курс студенттері, ауылдық округтердің архивке жауапты мамандары, жинақтау дереккөзінен өтетін ұйымдардың сала мамандары, Назарбаев Зияткерлерлік мектебінің оқушылары қатысып, оқу залындағы зерттеушілердің жұмыс жасау тәртібі, қоймадан құжаттардың берілу тәртібі, істердің қалыптасу мен рәсімделуі туралы және архив ісінің бағыттары бойынша ақпараттар алды. Шара соңында рахив қоры құжаттарынан дайындалған «Сот төрағалары: парасат пен әділдік иелері» тақырыбындағы көрмеге экскурсия таныстырылды.
«Архив қызметі – қолжетімді тарихи дерек» атты ашық есік күні өткізілді.
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 43






