2025 жылы 6 мамырда Ұлы Отан соғысында жеңіс үшін жанын қиған батырлар мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұлықтау, жастардың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімді қалыптастыру, Қызылорда облысының соғыс жылдарындағы тарихы, эвакуацияланған халықтар мен мекемелерге көрсетілген көмек пен бауырмалдықты нығайту мақсатында Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» тақырыбында көрме өткізілді. Көрмеге сол бір зұлмат жылдардың алғашқы күндерінен сыр шертетін құжаттар, 1941 жылы соғыстың басталуы туралы хабарлама,
1941-1942 жылдары Қызылордаға Мәскеу, Киев, Ленинград, Харьков сияқты қалалардан көшірілген мекемелер мен оқу орындары, соғыс жылдарында Қызылорда облысына майдан шебіне жақын орналасқан аймақтардан халықты эвакуациялау және кейбір этностарды күштеп көшіру шаралары туралы, 1945 жылы Екінші дүниежілік соғыс аяқталған соң, Қызылорда облысында уақытша тұрып жатқан поляк ұлтының өкілдері тарихи отандары-Польшаға оралуға мүкіндік алып, Қызылорда облысының халқына қиын-қыстау кезеңде көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін жергілікті халыққа шексіз алғыстарын білдіргені туралы достық хаты, Қызылорда өңірінен шыққан ержүрек азаматтардың өмірбаяндары, фотосуреттері және Ұлы Отан соғысына арналған мерейтойлар кезіндегі естелік суреттер, салтанатты шерулер, әскери парадтар, мәдени іс-шаралар туралы суреттер қойылды. Көрме Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі және Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларына таныстырылды. Көрмені тамашалаған қатысушылар соғыс жылдарындағы тарихи деректермен танысып, тың мәліметтер алды.