Тұржан Монтаев Сұлтанбекұлы 1962 жылы 8 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы №253 орта мектепті бітірген соң, училищеде оқуын жалғастырады. 1981 жылы сәуірде Қарулы Күштер қатарына шақыртылып, әскери борышын өтеуге Ауғанстанға жіберіледі. Көп ұзамай 1982 жылы 8 ақпанда өзінің әскери тапсырмасын орындау үстінде дұшмандардың қоршауында қалып, ерлікпен қаза табады.
Марқұмның ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ауған халқынан интернационалист жауынгерге алғыс» медалімен, «Интернационалист белгісімен» және Президиум грамотасымен марапатталған. Қызылорда қаласындағы №253 мектепте ауған соғысы ардагерлер қоғамы Тұржан Монтаевқа ескерткіш тақтасын қойды.