Сәндібек Инабатов Демесінұлы 1962 жылы 5 наурызда Қазалы ауданында дүниеге келген. 1969 жылы сол жердегі теміржол мектебінің табалдырығын алғаш рет аттап, 1977 жылы аталған мектептің 8-ші сыныбын бітіреді. Оқуын әрі қарай сол аудандағы техникалық - училищеде жалғастырады. Онда тракторист-машинист мамандығын алады. 1980 жылы 12 тамызда «Сельхозтехника» мекемесінде слесарь монтажник болып қызмет атқарады.
1980 жылы 25 қазанда Қарулы Күштер қатарына шақырылып, әскери борышын өтеуге Ауғанстанға жiберiледi. Әскерде танкi жүргiзушiсi болған. 1982 жылғы 5 мамырда ерлiкпен қаза табады. Қайтыс болғаннан кейiн марқұмның соғыстағы ерен ерлiгi үшiн “Қызыл жұлдыз” орденiмен марапатталады.