- Read Time: 1 min
- Просмотров: 166
2022 жылғы 10 қарашада С.Ысқақов атындағы Қызылорда Құрылыс және бизнес колледжінде өткен «А.Байтұрсынов және қазақ елі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері А.Қапанова, А.Әлиасқарова қатысты.
Дөңгеле барысында тарихи құжаттардың сақталуын, архивтің қызметі мен міндеттерін, архившілердің күнделікті жұмыстарына тоқталып, архив қоры құжаттарынан жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
2022 жылғы 10 қарашада Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде «Жас архивистер және тарихшылар» клубының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар және тарихи таным» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға «Сыр дидары» газетінің бас редакторы С.Алдашбаев, «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің студенттері, клуб мүшелері және архив қызметкерлері қатысты.
2022 жылдың 19 қазанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті архивінің ұйымдастыруымен «Ашық қоғамға – ашық архив» тақырыбында I Халықаралық архивистер Конгресі өз жұмысын бастады. Аталған жиынға Қызылорда облысынының мәдениет және спорт басқармасының «Архив ісін ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы Н.Әбілдаева, Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева және басшының орынбасары Ж.Алтынбаева қатысты.
2022 жылы 20 қазанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде Абылай хан атындағы №140 орта мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында архив қоры құжаттарынан дайындалған көрмелермен, архив қорларында сақталған түпнұсқа құжаттармен, архив қоймаларына экскурсия жасау кезінде құжаттарды сақтау шараларымен және Ұлттық архив қорын толықтыру, ақпараттық технологиялар бөлімдерінің жұмыстарымен танысты.
2022 жылғы 21 қыркүйекте «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен балалар жылына арналған «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өткізілді. 





