Рахымжан Доспанов Абуғаниұлы 1968 жылы 1 тамызда Қармақшы ауданы, Октябрь (Иіркөл) ауылында дүниеге келген. 1976 жылы сол туған жеріндегі №106 мектептің 1-ші сыныбына қабылданып, 1986 жылы мектепті үздікке бітірген. Мектеп бітірген соң, Қызылорда қаласындағы совхоз техникумға оқуға түседі. 3 айдан соң 1986 жылы айында әскер қатарына шақыртылып, 17 қарашада әскерге аттанады. Рақымжанды әскери борышын өтеуге Ауғанстан жеріне интернационалистік көмек ретінде соғысқа жібереді.
1988 жылы 23 қарашада Ауғанстан астанасы Кубулда болған шайқаста Рахымжан ерлікпен қаза табады. Марқұм Рахымжан Доспанов ерен ерлігі үшін «СССР Қарулы Күштеріне 70 жыл» және «Ауған халқынан интернационалист жауынгерге алғыс» медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар, туған жеріндегі №106 мектепке жас жауынгер Рахымжан Доспановтың есімі берілді.