No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Ұлттық құндылықтар және тарихи таным

ulttyk kundylyktar zhane tarikhi tanym2022 жылғы 10 қарашада Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде «Жас архивистер және тарихшылар» клубының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар және тарихи таным» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға «Сыр дидары» газетінің бас редакторы С.Алдашбаев, «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің студенттері, клуб мүшелері және архив қызметкерлері қатысты.

Шара барысында «Сыр дидары» газетінің бас редакторы С.Алдашбаев ұлтымыздың жадында сақталған әрбір ырым-тиым, әдет-ғұрыптардың өзі қасиетті діннен бастау алатынын айтып, жалпы діннің салт-дәстүрдегі негізі – табиғатқа және шариғатқа негізі, жат ағымдар туралы айтып, ата-бабаларымыздың ұстанған қазақы салт-дәстүріне кеңінен тоқталып өтті.

«Болашақ» университетінің жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Кипшакбаев Канат Зейнуллаевич жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, бүгінгі заманға сай тәрбие мен білім беру – басты міндет екенін және ұлттық құндылықтарды бағалаған елдің қашанда рухы биік болатынын сөз етті. Сонымен қатар дөңгелек үстелде ұлттық тәрбие, ұлттық дәстүр, тарихи таным, қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуындағы ұлттық құндылықтардың маңызы туралы талқыланып, қатысушылар ұлттық құндылықтарды дамытуға қатысты өз ойларын ортаға салды.

Шара соңында қатысушыларға архив қоры құжаттарынан дайындалған тақырыптық көрмелерге экскурсия жасалды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003998
Today: 1
Yesterday: 2
This Week: 39
Last Week: 117
This Month: 5
Last Month: 296
Total: 3,998