No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Төл тарихымыздың зерттелуі мен зерделенуінің ғылыми аспектілері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

tol tarikhymyzdyn zerttelui men zerdelenuinin gylymi aspektileri atty dogelek ustel uiymdastyryldy 42023 жылғы 27 ақпанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бастамасымен ел тарихындағы ерекше орын алатын тарихи-саяси кезеңдердің оқиғаларын, тарлан тарихымызды, тұғырлы тұлғаларымызды ұлықтау, құнды жәдігерлер қазынасы болып табылатын Ұлттық архив қорындағы құжаттарды пайдалану, жариялау, зерделеу, отандық ғалымдармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Төл тарихымыздың зерттелуі мен зерделенуінің ғылыми аспектілері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының ақпараттық мониторинг бөлімінің басшысы Абдуов Қанибек Шарибекұлы, саяси қуғын- сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысшы тобының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, доцент Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы, Саяси қуғын- сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жанындағы облыстық жұмысшы тобының мүшелері: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Гуманитарлық педагогикалық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тайман Сағат Тамшыбайұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ибраев Уалихан Серікұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы, Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық келісім КММ-нің директорының орынбасары, философия ғылымының докторы Омаров Дәулет Кәрібайұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Талғат Жолдасұлы, архив басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш жиынды Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының ақпараттық мониторинг бөлімінің басшысы Абдуов Қанибек Шарибекұлы жүргізіп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Ең алдымен Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева «Тарихтың ақтаңдақ беттері архив құжаттарында» тақырыбында баяндама жасады. Онда архив ісінің негізгі бағыты – Ұлттық архив қорындағы құжаттарды пайдалану, жариялау, зерделеу бойынша сөз қозғалып, ынтымақтастық байланысты одан әрі нығайту туралы айтылды. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, доцент А.Құдайбергенова архив мамандарына құжаттарды пайдалану және жариялау бағыты бойынша ғалымдармен шеберлік сағатын өткізді.

Сондай –ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік жұмыс тобы мүшелері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарихшы ғалымдары өзара пікірталас барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау, тәуелсіздік жолындағы күрескерлерді анықтау және зерделеу мәселелері туралы, кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру керектігін атап өтті.

Дөңгелек үстелде тарихымызды түгендеу, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, ортақ құндылықтар қалыптастырып, ұлттық жадыны жаңғырту және тарихи тәжірибені болашақ ұрпаққа жеткізу жайлы тұщымды пікірлер айтылды.

Шара соңында ғалымдар тарапынан бірнеше ұсыныстар жасалып, оның ішінде саяси қуғын-сүргін кезінде ату жазасы орындалған орындарға, халық көтерілістері болған жерге ескерткіш тақта қою, өңірлік комиссияның облыстық базасын жинақтау, түрлі шығындарға бюджет есебінен қаражат қарастыру секілді жұмыстар айрықша аталды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003997
Today: 2
Yesterday: 2
This Week: 38
Last Week: 117
This Month: 4
Last Month: 296
Total: 3,997