No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің ұлы тарихы

tauelsizdik magilik eldin uly tarikhy1Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
16 желтоқсан Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігі күніне орай 2022 жылғы 15 желтоқсанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің ұлы тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты тәуелсіздігіміздің мәнін терең ашып түсіндіру, ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін жастарға үлгі ету, Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адагершілік құндылықтарын дамыту.
Шараны Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов ашып, қатысушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, дөңгелек үстел жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Алғашқы сөзді тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас алып, мемлекет пен бұқараның басты ұстанымын егемен ел берекесімен байланыстыратынын, қазақ болмысына тән рухани құндылықтар мен ұлттық сананы қалыптастыруға қатысты өз ойын ортаға салды.
Сонымен қатар Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысының орынбасары Ж.Алтынбаева «Сыр өңірі тәуелсіздік жылдарында», Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихы архиві филиалының басшысы Д.Құттықожаева «Тәуелсіздік – жасампаздықтың жаңа тарихы» тақырыбында баяндамалар оқыды.
Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ғ.Әбілда тәуелсіздік жылдарындағы баспасөздің дамуы, еліміздің жеткен жетістіктері, ұлттық тәрбие жөнінде сөз қозғап, тәуелсіздікке арнау өлеңін оқыды.
Тарих ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» БАҰО» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты директорының орынбасары С.Серікбаев тәуелсіздік жылдарындағы білім саласының дамуы, білім заңындағы өзгерістерге тоқталып, тәуелсіздіктің оңай келмегенін айтып, жас ұрпақты еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтың қаһармандық өмір жолына құрметпен қарауға шақырды.
Болашақ жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қ.Қыпшақбаев қазақ елінің тәуелсіздік алғанға дейінгі басынан кешкен кезеңдеріне тоқталып, келер буынға тағылым болар естеліктер айтты.
Келелі басқосуда тәуелсіздік мерекесінің мән-маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер талқыланып, тәуелсіздік тағылымы туралы өзара пікір алмасты.
Шара соңында қатысушыларға архив қоры құжаттарынан дайындалған «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» атты бейнетаныстырылым және «Тәуелсіз елдің тарихи шежіресі» тақырыбында көрме таныстырылып, қор сақтау қоймаларына экскурсия жасалды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003998
Today: 1
Yesterday: 2
This Week: 39
Last Week: 117
This Month: 5
Last Month: 296
Total: 3,998