No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Конституция – келешек кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді.

kons12025Конституция – біздің тәуелсіздігіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қайнар көзі. Биыл Қазақстан халқын бір тудың астына біріктірген Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Конституция – келешек кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Қызылорда облысының Полиция департаменті Заң бөлімінің бас маманы Д.Дауылбаева, Қызылорда облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры А.Ақпаев,

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының бас мамандары Ү.Кенжебайұлы, Қ.Бердәлі, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ж.Керейбаева, архив қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихи мәні мен құқықтық жүйедегі ролін, Қазақстан Республикасы Ата Заңына құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева шараны ашып, мерекелік күннің маңызына тоқталды. Кездесу барысында Қызылорда облысының Полиция департаментінің Заң бөлімінің бас маманы Д.Дауылбаева Конституцияның тарихи қалыптасу кезеңіне тоқталып, құжаттың тарихи маңызын, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қамтудағы ролін кеңінен насихаттады. Қызылорда облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры А.Ақпаев халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда өрбіп тұрған киберқылмысқа қарсы іс-қимылдардың жүргізілу тәртібі туралы баяндама оқыды. Қатысушылар Конституцияның құндылықтарын насихаттаудың, заңға құрметпен қараудың және мемлекеттік қызмет жүйесінде бірлік пен әділет қағидаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, өзара пікіралмасты. Шара соңында архив қоры құжаттарынан дайындалған тарихи-құжаттық көрме таныстырылып, «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң» атты бейнеролик көрсетілді.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

004919
Today: 4
Yesterday: 7
This Week: 30
Last Week: 45
This Month: 53
Last Month: 183
Total: 4,919