No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Қаламы қарымды жазушы»

kalamy karymdy zhazushy 1Сыр мәдениетінің қабырғалы қайраткері - Тынышбек Дайрабай Майлыбайұлын еліміздің еңкейген кәрісінен, еңбектеген баласына дейін біледі. Әсіресе, бұл есім сырбойылықтар үшін қымбат, құрметті. «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалының архив қорындағы жеке тектік қор иесі Тынышбек Майлыбайұлы Дайрабай 1943 жылы 13 ақпанда Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы «Жаңаталап» ауылында дүниеге келген.

1969 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, 1969-1974 жылдары Тереңөзек аудандық «Еңбек туы» газетінде бөлім меңгерушісі,1974-1976 жылдары Алматыдағы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы, 1976-1978 жылдары Тереңөзек ауданындағы «Қараөзек» совхозының партия комитетінің хатшысы, 1979-1985 жылдары Тереңөзек аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі,1985-1994 жылдары Тереңөзек аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудан  әкімінің орынбасары, аудандық газеттің редакторы қызметтерін абыроймен атқарды. 1995 жылдан халықаралық «Түркістан» газетінде қызмет істеген.

       Зерттеушілік кез келген адамның қолынан келе бермейтін, қазақтың жалпақ тілімен айтқанда «Инемен құдық қазғандай» қияметі көп шаруа. Өйткені бұл іске жан дүниесі бай, білігі мен тәжірибесі мол, айрықша сабыры мен төзімі бар адам ғана нартәуекел ете алады. Тынышбек Дайрабай Майлыбайұлы осы саланың ыстық-суығына қара нардай төзіп, ұзақ жылдардан бері көптеген ізденісті жұмыстарды тындырған нар тұлғалардың бірі.

      Зерттеуші, қаламгер Тынышбек Дайрабай - 80 жылдық өмір жолында бір институттың жұмысын атқарған қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілді.1998 жылы Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 100 жылдық мерейтойын өткізуге ұйытқы болып, баяндама жасаса, Қорқыт Ата кітабының (1999 ж) 1300 жылдығы мен Жалаңтөс, Жанқожа батырларға арналған конференцияларды жоғары деңгейде өткізуге белсене қатысты. Сондай-ақ, атақты жырау Дүр Оңғардың, Төребай бидің 150 жылдық, Бұқарбай батырдың 180 жылдық, Баймұрат батыр, Тұрсынбай датқаның 230 жылдығы, Қазақ хандығының 500 жылдығы, Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 125 жылдық мерейтойларына арналған, халықаралық, республикалық, облыстық конференциялардың лайықты өтуіне де ұйытқы болды.

      Тынышбек Майлыбайұлы Дайрабай «Тоғанас батыр», «Дүр Оңғар» (1992), «Қаңлы Жүсіп» (1994), «Кете Шөмекей» (1995), «Тереңөзек тарихы» (1996), «Тұғырлы тұлға» (Т.Жүргенов жайлы, 1998), «Қорқыт Ата энциклопедиясы» (1999), «Төребай» (2001), «Кете Жүсіп», «Мұзарат ақын» (2004), «Сырдың сырлы сыры» (2005), «Ақын Қуаныш Баймағанбетов» (2007), «Сырдария ауданының шежіресі» (2009), «Сыр перзенттері» (2010), «Сыр еліндегі ескерткіштер» (2014) т.б. кітаптарының авторы.

       Зерттеушінің ел тарихын, оның ішінде Сыр өңірінен шыққан ақын, жыраулардың, би, шешендердің бай мұраларын насихаттап, жарыққа шығаруға жолындағы қажырлы еңбегі еленбей қалған жоқ. КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарғысымен «Еңбек ардагері», 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры», 2004 жылы Әлеуметтік ғылымдар академиясының «Құрметті академигі», 2005 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері», Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының «Құрметті азаматы» атағын алды. Қазақстан Журналистер одағының «Құрмет» грамотасымен, 2012 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» және «Құрмет» орденімен, Қызылорда облысының мерекелік медалі және облыс әкімшілігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған

        Тынышбек Дайрабай – өзінің қажырлы еңбегі, маңдай тері арқылы, осындай жоғары дәрежелі атақтарға ие болған тұлға. Архив қорындағы «Сыр елінің ғалымдары» жеке тектік қор коллекциясында ғалымның 1959-2018 жылдарды қамтитын 38 құжаты тұрақты сақтауға қабылдаған.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003998
Today: 1
Yesterday: 2
This Week: 39
Last Week: 117
This Month: 5
Last Month: 296
Total: 3,998