2023 жылдың 08 ақпанында «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалының ұйымдастыруымен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің 22-02, 22-07 оқу топтарының 1-2 курс студенттеріне «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» Ақмағамбетова Дариха Ақмағамбетқызының 80 жасқа толуына орай «Өршіл рухты- қайсар жан» және де зерттеуші, этнограф, жазушы,
ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының «Құрметті академигі», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры», Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» Тынышбек Дайрабай Майлыбайұлының 80 жасқа толуына орай «Қаламы қарымды жазушы» тақырыбында жылжымалы көрме таныстырылып, сабақ өткізілді. Колледж студенттері мен ұстаздар тарапынан қызығушылығын білдіріп, қор иесі жайлы мәліметтер тыңдалды.