«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қармақшы аудандық филиалы Халық депутаттары Қызылорда облыстық атқару комитетінің 19 қаңтар 1987 жылғы шешімі, Халық депутаттары Қармақшы аудандық атқару комитетінің 14 ақпан 1987 жылғы № 64 «Жаңа ұйымдастырылған шаруашылық есептегі Қармақшы аудандық архиві мекемесін жасақтау және ғимарат бөлу туралы» қарарымен құрылған.
1987 жылдың 14 ақпан айынан бастап Қармақшы ауданында шаруашылық есептегі архив жұмыс істей бастады.
Қызылорда облысы әкімінің 2002 жылғы 13 маусымдағы №235 санды «Облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлімі туралы» шешіміне сәйкес, облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлімі бастығының 2002 жылғы 11 желтоқсандағы № 25 санды бұйрығымен Қармақшы аудандық мұрағаты мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
2019 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің Қармақшы аудандық филиалы болып қайта құрылды.
Филиал басшысы Издибаева Гульжамал Ерахметовна.
Издибаева Гульжамал Ерахметовна 11 маусым 1973 жылы Қызылорда облысы, Кармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
1993-1995 жылдар аралығында Арқалық политехникалық техникумында «Ұйымдастырушы және архивтанушы» мамандығы бойынша оқуды бітірген және 2006 - 2009 жылдар аралығында Қызылорда инженер-экономикалық интитутының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
1996 жылдың 7 қазанынан бастап 2019 жылдың 31 наурызына дейін Қармақшы аудандық архивінде І санатты архивист болып жұмыс жасап, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» кмм-нің Қармақшы аудандық филиалының басшысы қызметінде.