2024 жылы 31 шілдеде Қызылорда қалалық архивтің ұйымдастыруымен «Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, сараптау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру», «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында қалалық бөлімдерге семинар өткізілді. Семинарға 8 мекемеден 10 қызметкер қатысты. Семинарды «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы Ж.Байғараева ашып, семинардың маңыздылығына тоқтады. Семинар барысында ведомстволық архивте құжаттардың қалыптасуы, істер номенклатурасын құрастыру, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және «Е-архив» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тақырыптары туралы архив қызметкерлері баяндама оқып, мамандарды толғандырып жүрген сұрақтар жан-жақты талқыланды. Семинар соңында құжаттардың түптеп тігілуі тәжірибие жүзінде көрсетілді.