Нұрулла Абдулдаев Ибадуллаұлы 1961 жылы 26 шілдеде Қызылорда қалдасында дүниеге келген. Қызығы мол оқушылық өмірі қала орталығындағы №1 орта мектепте өтеді. Орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған соң, сол жердегі ДОСААФ көлік мектебінен жүргізуші мамандығын алады. Осы мамандығы бойынша «Көлік қызметі агенттігінде» жүргізушілік қызмет атқарады.
1979 жылы қазанда Қарулы Күштер қатарына шақырылып, Ауғанстан жеріне аттанады. Онда әскери көлік жүргізушісі болады. Нурулла Абдулдаев 1980 жылы 27 қарашада қаза табады. Марқұм көрсеткен ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталып, туған жеріндегі 1 май атындағы №1мектептің төріндегі ескерткіш тақтадан орын алады.