Айсауытов Нұрлыбек Қасымұлы 1960 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағында дүниеге келген. Сол туған жеріндегі қазақ орта мектебін бітірді. БЛКЖО-ның мүшесі. 1979 жылы сәуірде Қарулы Күштер қатарына шақыртылып, әскери борышын Ауғанстан Республикасында атқыштар дивизиясында өтейді.
1980 жылы 24 сәуірде Ауғанстан жеріндегі Гадали-Хабашида екі солдат қастандық құрбаны болды. Нұрлыбектей жас қыранда осындай қаза тауып, қанатынан ерте қайырылды. Қыршынның жас денесі 1980 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағына жерленді. Марқұмның ерен ерлігі үшін, 1980 жылы 28 тамызда «Ерен ерлігі үшін» медалымен марапатталған және Жосалы қыстағындағы Школьная көшесіне интернационалист жауынгер Айсауытов Нұрлыбектің есімі берілген.