No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты Ұлы Абай өлеңдерінен мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды

abaiАбай Құнанбайұлы - ұлы ақын, қоғам қайраткері, ағартушы, аудармашы, философ, ойшыл-ғұлама, қазақтың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы. Ол - тарихта өшпес із қалдырған дара да, дана тұлға. Ұлы ақынның шығармалары бүгінгі күнде де өз құндылығы мен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оларды біз қашанда рухани қазына ете аламыз. Осыған орай, Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві қызметкерлерінің арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты Ұлы Абай өлеңдерінен мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты қызметкерлер арасында ұлы ойшылдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,

Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру. Абай күніне орай өткізілген шарада қызметкерлер Абай өлеңдерін мәнерлеп және жатқа оқып, сахналық қойылым қойылды. Сайыстың қорытындысымен І орын Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің архивисті Амангельдиева Жансая, ІІ жүлделі орынды Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің архивисті Елемесова Ажар, ІІІ жүлделі орынды Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің архивисті Шалтақбай Раушан, «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясымен Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің инспекторы Аймаханова Айнұр иеленді. Қатысушыларға дипломдар және алғыс хаттар табысталды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003997
Today: 2
Yesterday: 2
This Week: 38
Last Week: 117
This Month: 4
Last Month: 296
Total: 3,997