No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Ашық қоғамға – ашық архив

ashyk kogamga ashyk arkhiv2022 жылдың 19 қазанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті архивінің ұйымдастыруымен «Ашық қоғамға – ашық архив» тақырыбында I Халықаралық архивистер Конгресі өз жұмысын бастады. Аталған жиынға Қызылорда облысынының мәдениет және спорт басқармасының «Архив ісін ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы Н.Әбілдаева, Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева және басшының орынбасары Ж.Алтынбаева қатысты.
Конгресс аясында АҚШ, Еуроодақ елдері, Азия мен ТМД мемлекеттерінен келген мамандар бас қосып, тарихи-мәдени мұра мен маңызды құжаттарды сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, архив ісін дамытудың нақты қадамдары қозғалды, архив саласындағы түбегейлі өзгерістер мен жүйелі бағыттар айқындалды, архивті дамытудың инновациялық идеялары ортаға салынды. Ауқымды жиынның басты мақсаты – архив құжаттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Тарихты сақтаушылардың халықаралық кәсіби қоғамдастығының ортақ іс-қимылы мемлекеттер тарихының жаңа деректермен толығуына, сондай-ақ зерттеушілердің жаңа буынының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003997
Today: 2
Yesterday: 2
This Week: 38
Last Week: 117
This Month: 4
Last Month: 296
Total: 3,997