No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Архивсіз тарих, тарихсыз мемлекет болмайды

Архив – адамзаттың білімі мен ғасырлар еншісіндегі тәжірибесі, жазба тарихының дәйекті дәлелдері сақталатын қоймасы ретіндегі қызмет шеңберін уақытпен кеңейтіп келеді.

1948 жылы 9 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық архивтер кеңесі құрылып, 2007 жылдан бері 9 маусым- Халықаралық архивтер күні болып бекітілген. Осы ретте, 9-13 маусым аралығында бүкіл әлем бойынша Халықаралық архивтер апталығы ұйымдастырылуда.

Апталық аясында Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві қоғамдық сананы жаңғыртудағы архивтердің ролі, архив құжаттарының сақталуы мен оларға қолжетімділікті арттыру мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттеріне, Қызылорда облыстық филармониясының қызметкерлеріне архив қоры құжаттарынан дайындалған «Үш ғасырдың астанасы Қызылорда», «Ұлы Жеңіске тағзым» тақырыбында тарихи-құжаттық көрмелер таныстырылып, архивтің тыныс-тіршілігін бейнелейтін «Архив-ұлттық құндылықтар қазынасы» атты бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері арасында «Цифрлық архив дәстүрлі архивті алмастыра ала ма?» тақырыбында дебат ұйымдастырылып, ортада өзара пікір алмасты. Шара соңында қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

004323
Today: 3
Yesterday: 4
This Week: 24
Last Week: 33
This Month: 148
Last Month: 182
Total: 4,323