Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов Архивтің кез келген мемлекеттің тарихын сақтау, қаттау бағытында жұмыс жасайтын маңызды сала екендігіне тоқталып, архив саласында табысты еңбек етіп, оның дамуына үлес қосып келе жатқан архивистерді 22 желтоқсан - Архившілер күнімен құттықтады.
Сыр елінің тарихын жинақтап, оның мұрасын қалыптастырудағы игі істері үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен Қызылорда облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Алтынбаева Жанат Олжабайқызы, І санатты архивисі Мұратпаева Фариза Ғалымжанқызы, Арал аудандық архиві филиалының басшысы Қуатов Болат Қыстаубайұлы және архив саласының ардагері Ахметова Гүлшат Төлепбергенқызы марапатталды.
Сонымен қатар облыс архив саласының бірқатар қызметкерлері Қызылорда облысы әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, мәдениет және спорт басқармасы басшысының алғыс хаттарымен , «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының , «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің және архив басшысының Алғысымен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз! Ел игілігін дамытудағы кәсіптеріңізге береке, бірлік, абырой тілейміз.