No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Архив қоры жеке тектік құжаттармен толықтырылды

         AXL 71172023 жылы  9 тамызда  «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві»  филиалында сақталатын «Атқарушы және өкілетті органдар қызметкерлері» қор коллекциясына «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері, философия ғылымының кандидаты Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлының  жеке тектік құжаттары қабылданды.  Ибадулла Құттықожаев мәслихат депутаты және «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі ретінде мәслихатқа түрлі жаңашылдық идеялар енгізіп, депутаттардың ауызбіршілігін арттырып, олардың халықпен тығыз белсенді байланыса жұмыс жасауына ұйытқы болды.

Өзекті мәселелерді шешуде, өз идеяларын ашып айтады. Өз ортасына, сала басшыларына ақыл-кеңестер, бағыт-бағдар көрсетіп жүреді. Партия белсенділері мен қоғамдық ұйым өкілдерінің бірлігін арттырып, тұрғындардың мұң мұқтажын шешуде белсенділік таныта білді. 2016 жылы «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын алды. «Құрмет» орденінің иегері.

      Кеңес Одағының батыры, көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлы: «Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын» демекші, халық игілігіне күш салған қор иесінің тынымсыз еңбегі мен талғамды талабы халқын сүйсіндіріп, ел алғысына бөленгені айғақ.

Келер күннің еншісінде жеке тектік қор құжаттары толықтырылып, шығармашылық жұмыстардың қатарынан табылып жатса, ұрпаққа аманат етіп атқарылған іс-шараның үлгісі болмақ.     

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003997
Today: 2
Yesterday: 2
This Week: 38
Last Week: 117
This Month: 4
Last Month: 296
Total: 3,997