2022 жылғы 21 қыркүйекте «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен балалар жылына арналған «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өткізілді. Шараның мақсаты жастарға архивтің құрылу тарихын, қызметін таныстыру, құжаттық дереккөздер арқылы тарихи сананы жаңғырту, өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шараға Арал қаласында орналасқан мектептердің 6-10 сыныптың оқушылары, колледж студенттері, мұғалімдер, кітапханашылар қатысты.
Шара барысында «Архив және болашақ ұрпақ» байқауы, «Менің өлкемнің тарихы-архив құжаттарында» атты танымдық конференция, «Соғыс жылдарындағы Арал балаларының еңбектері» атты тарихи-танымдық сабақтар өткізілді.
Шара соңында архив қоры құжаттарынан «Арал қаласына - 95 жыл» атты тарихи-құжаттық көрме таныстырылып, қор сақтау қоймаларына экскурсия жасалып, белсене қатысқан оқушыларға алғыс хат табысталды.






