2022 жылғы 10 қарашада С.Ысқақов атындағы Қызылорда Құрылыс және бизнес колледжінде өткен «А.Байтұрсынов және қазақ елі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері А.Қапанова, А.Әлиасқарова қатысты.
Дөңгеле барысында тарихи құжаттардың сақталуын, архивтің қызметі мен міндеттерін, архившілердің күнделікті жұмыстарына тоқталып, архив қоры құжаттарынан жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Шара соңында студенттер архивтің құрылу тарихына қатысты сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.