2022 жылы 20 қазанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде Абылай хан атындағы №140 орта мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында архив қоры құжаттарынан дайындалған көрмелермен, архив қорларында сақталған түпнұсқа құжаттармен, архив қоймаларына экскурсия жасау кезінде құжаттарды сақтау шараларымен және Ұлттық архив қорын толықтыру, ақпараттық технологиялар бөлімдерінің жұмыстарымен танысты.
Оқушылар архив қорындағы араб қарпіндегі құжаттарға қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, тарих пәнінің мұғалімі Ж. Жанабергенова «Тың игеру кезіндегі Қазақстан» тақырыбында оқушыларға сабақ өткізді.